Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
«Қазір ұжымдық иммунитет деңгейі қазақстандықтарға маска кимеуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол төмендеп кеткен жағдайда коронавирусқа қарсы алдын алу шаралары қатаңдатылуы мүмкін. Коронавирус пандемиясы елімізде әлі жалғасып жатыр. Жағдайдың әрі қарай дамуының екі сценарийі бар. Бәрі ұжымдық иммунитетке байланысты», - деп атап өтті бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Сонымен қатар ол қол жеткізілген 50% ұжымдық иммунитетті әрі қарай ұстап тұру маңызды деп отыр.
«Ол үшін адамдар вакцинациядан көбірек өтсе, аурушаңдық деңгейі де соғұрлым төмен болады. Дәл қазіргі сәтте вакцинация мен ревакцинацияның мәні зор. Коронавирус әрі қарай өрши ме, жоқ па, ешкім оны нақты білмейді. Маска кию режиміне қайта оралуымыз да мүмкін», - деді вице-министр.
Фото matritca.kz. Дереккөз: baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через