Қазақстан кибершабуылдар саны бойынша әлемде жетінші орында

Қазақстан кибершабуылдар саны бойынша әлемде жетінші орында
фото: kz.kursiv

«Kaspersky» алғаш рет Алматыда МЕТА (Middle East, Turkey, Africa — Таяу Шығыс, Түркия, Африка) өңірі елдерінің қазақстандық және шетелдік журналистерінің қатысуымен Kaspersky CyberSecurity Weekend халықаралық конференциясын өткізді.

Іс-шарада компания сарапшылары бизнеске, өнеркәсіптік кәсіпорындарға және мемлекеттік ұйымдарға бағытталған ірі киберқауіптерді талқылады, сондай-ақ болашақта киберқауіпсіздік жағдайына әсер ететін үрдістерді болжады.

Әлемдегі киберқауіптердің ауқымы үнемі өзгеріп отырады және сарапшылардың пікірінше, 2023 жылы назар аударарлық бірнеше аспектілер бар.

 «Kaspersky» мамандары 2022 жылдың бірінші тоқсанын 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырып, Қазақстандағы фишингтік шабуылдар санының 12% – ға жалпы өсуін атап өтті. Бұл ретте корпоративтік сектордағы фишингтік шабуылдар саны 120% – ға өсті.

«Kaspersky» деректері бойынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бопсалау бағдарламаларына тап болған ұйымдар саны,  егер бизнеске жасалған шабуылдарды қарастыратын болсақ, негізінен, 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 17%-ға төмендеді.

«Бопсалау бағдарламалары шабуылдарының азаюына қарамастан, олардың қаупі азаймайды, керісінше, барған сайын күрделі және нысаналы болып келеді. Соңғы жылдары БҚ-ның осы түрін таратумен айналысатын топтар шашыраңқы топтардан толыққанды индустрияға дейінгі жолдан өтті. Олар платформалық бопсалау БҚ-сын әзірлеу, өзін-өзі тарату мүмкіндіктерін енгізу және тіпті бұрын APT-шабуылдарын жүзеге асыратын зиянкестерге ғана қол жетімді болатын нөлдік күндік осалдықтарды қолдану сияқты әдістерді қолдана отырып дами береді. Бұл БҚ түрінің анықтау санының төмендеуіне қарамастан бизнес үшін ең үлкен қауіптердің бірі болып қала беретінін түсіндіреді, – деп атап кетті «Kaspersky»-дің киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Дмитрий Галов.

Компания сарапшылары 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында трояндық банктік шабуылдардың қарқынды өсуін атап өтті. Қазақстанда шабуылға ұшыраған пайдаланушылар саны 92% – ға өсті.

Қазақпарат