Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатын жалпы есепте екінші орынмен аяқтады

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатын жалпы есепте екінші орынмен аяқтады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты мәресіне жетті.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жекелей сында Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта алтын алса, Низамиддин Халматов (-55 кг), Софья Берульцева ( +68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс, Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмірәлі (-67 кг) қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында командалық сайыста Софья Берульцева, Әсел Қанай, Лаура Әліқұл және Бэлла Самашева чемпион атанды.

Ерлер арасындағы командалық сайыста Игорь Чихмарев, Нұрқанат Әжіқанов, Бейбарыс Жаңбыр, Диас Ұлбек, Никита Тарнакин, Дидар Әмірәлі, Нұрнияз Елдашов күміс жүлдені қанағат тұтты.

Чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 7 күміс және 9 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Жапония каратэшілері (18 алтын, 9 күміс, 9 қола) көш бастаса, үздік үштікті Иран түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемдік Masters турниріне Қазақстан атынан 12 дзюдошы қатысатынын жазған болатынбыз.

Дереккөз ҚазАқпарат.