Қазақстан Google және Amazon Web Services-пен ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан Google және Amazon Web Services-пен ынтымақтастықты күшейтеді
фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект саласында шетелдің ірі компаниялармен ынтымақтастық жоспарын жариялады.

«2023 жылдың қараша айында Алматыда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығы мен AWS (Amazon Web Services) еуропалық бөлімшесінің басшылығы кездесті. Онда  ынтымақтастықты нығайту және Outposts шешімі аясында келісім жасау ниеті айтылды. Сонымен қатар, министрлік Google және басқа да халықаралық компаниялармен ынтымақтастық туралы белсенді келіссөздерді жалғастырып жатыр», - деліген Цифрлық даму министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мұнымен қоса, қазір деректер трафигінің транзитіне қызмет көрсету бойынша еліміздегі сервистік саладағы қажет іс-шаралар және әлеуетін зерттеу іске асырылып жатыр.

Жыл соңына қарай осы зерттеулердің нәтижелері деректерді өңдеу орталықтарының негізгі көрсеткіштерін анықтауға жол ашады.

Өңірдегі елдердің және тұтастай алғанда халықаралық нарықтың сұранысын ескере отырып, зерттеу нәтижелері бойынша жобалар, соның ішінде деректерді өңдеу орталықтары негізінде жүзеге асырылатын жасанды интеллект жобалары айқындалады. 

Жалпы, озық технологиялардың бір бөлігі ретінде жасанды интеллектті енгізу экономика секторларының өнімділігін, шағын және орта бизнес үшін жаңа технологиялардың кеңінен таралуын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің одан әрі дамуында басқа да артықшылықты қамтамасыз етеді.

Дереккөз inform.kz