Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына жолдама алды
фото: Akorda

       Футзалдан Қазақстан құрамасы Недерландтан 2:0 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

       Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен матч барысында Біржан Оразов ойынның алғашқы минутында есеп ашып, құраманы алға шығарды. Араға 7 минут салып Дуглас Жуниор қарсыластар қақпасына гол соғып, жеңіске деген сенімді нықтай түсті. Осылайша бірінші тайм осылайша отандастарымыздың басымдығымен аяқталды. Ал екінші таймда қос тарап та үздіксіз шабулдағанымен есеп ашылмады. Нәтижесінде жеңіске жеткен Қазақстан ойыншылары әлем чемпионатына жолда алды.

       А тобында өнер көрсеткен ел құрамасы 12 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға7 ұпай иеленген Румыния құрамасы тұрақтаса, үшінші орынға Әзербайжан, ал нидерландтықтар 1 ұпаймен көш соңында қалды.

       Аталған шешуші матчқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп қолдау білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қатысты.

       Baq.kz