Спорт

Бөлісу

Қазақстан футболшылары өз алаңында Беларусьті 2:1 есебімен жеңді

Қазақстан футболшылары өз алаңында Беларусьті 2:1 есебімен жеңді

       Қазақстан футболшылары өз алаңында Беларусьті 2:1 есебімен жеңді Сөйтіп UEFA Ұлттар лигасы В тобына жолдама алды. Қазақстан құрамасы сапынан Михаил Габышев пен Бахтияр Зайнутдинов мергендік танытты.

       Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген. Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді. Оған қоса турнир кестесінде қазақстандық футболшылар көш бастап тұрса, беларусьтік құрама небәрі екі ұпаймен төртінші орында келе жатқан еді. Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда әзербайжан футболшыларымен кездеседі. Ұлттық құраманы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. «Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз

       Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі» деп жазды Президент өзінің твитердегі парақшасында.

       Ақпарат дереккөзі

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через