Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс медальді қанағат тұтты.
Құрлықтық додада Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) өзбекстандық Лазизбек Муллажоновпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, қарсыласына есе жіберіп қойды.
Қамшыбек бұдан бұрынғы Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс медаль алған.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы болды. Сондай-ақ, 92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтың осал тұсын тауып, «алтын» алды.
Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальді қанағат тұтты.
Ел құрамасынан Самаәли Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) қола жүлде алды.
Осылайша, қазақстандық боксшылар құрлықтық доданы 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен түйіндеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через