Қытайдың Алтай аймағына қарасты Шіңгіл ауданындағы мұражай кешенін тамашалауға келген қонақтар жергілікті жердің салт-дәстүрімен, заттық және рухани құндылықтарымен танысып ерекше әсер алып жүр.
«Шіңгіл ауданының жаңа мұражайы 2012 жылы салынған. Музей кешені 3400м2 жерді алып жатыр, көрменің жалпы көлемі 2200м2. Мұражай ғимаратының сәулеттік дизайнына жергілікті қазақ ұлтының мәдени құндылықтары пайдаланылған. Мұражай екі қабатқа орыналастырылған. Онда гуманитарлық ғылымдар және тарих залы, табиғи экология залы және ұлттық Этнография залы, фольклор залы, метеориттану залы, даму жетістіктері залы секілді көрме орталықтары бар. Мұражайға тарихи мәдени мұралар, ұлттық салт-сана бұйымдары сияқты 2800-ден астам түрлі материалдық және мәдени экспонаттар қойылған. Бұл жәдігерлер Шіңгіл ауданының тарихы мен мәдениетін және даму барысын жан-жақты, жүйелі түрде көрсетіп береді», - деп жазады «Ағажай-Алтай» сайты.
Айта кетейік, Қытайдың Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты Шіңгіл ауданының аты оның аумағында ағып жатқан екі Шіңгіл (Үлкен және кіші шіңгіл өзендері) өзенінің атауыннан алынған. Бұл «Шіңгіл» сөзі әдемі және мөлдір өзен деген ұғымдарды білдіреді. Өр алтайдың Шіңгіл жері қазақ халқының ата қонысы. Соның ішіндегі Керей руының байырғы қоныстарының бірі. 13 ғасырдың басында Шыңғыс хан жорықтары әсерінен Сыр бойына дейін барып, қалған бөлігі 1723 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары атамекеніннен ауған ел 1770 жылдары Ер Жәнібек батырдың бастауымен өз мекендеріне қайтадан ту тіге бастады. Қазіргі Еуропа қазақтарын құрап отырған қандастарымыздың негізгі бөлігі осы Өр Алтайдың Шіңгіл-Көктоғай өңірлерінің тумалары.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через