Қазақ әншісі орындаған кавер екі платина дискісін алды

Қазақ әншісі орындаған кавер екі платина дискісін алды

Colorit әрлеген музыка 45 миллион рет тыңдалған.

Жас музыкант Colorit-тің Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне жазған кавер нұсқасы қос платина дискісін алды.

Colorit әрлеген музыка 45 миллион рет тыңдалған, осылайша дискіге ие болған.

«Бір кездері танымал әртістер осындай марапаттарды қалай алып жатқанын көріп, армандайтынмын. Менің жұмысым үшін платина аламын деп елестетпедім. Осы күнге дейін мені қолдағандар үшін бәріне алғыс айтамын», - деді ол.

 «Быстро» кавері шыққаннан кейін VK және Apple Music диаграммаларында ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үздік Shazam чартында жетекші орынға ие болып, Dua Lipa және Billie Eillish-ті басып озған. Кавер бірнеше ай бойы ресейлік және қазақстандық TikTok трендінде болды.

 Sn.kz