Қазақ табиғи апаттарды қалай болжаған?

Қазақ табиғи апаттарды қалай болжаған?
фото: pixabay.com

Қазақ халқы жер сілкінетінін байырғы заманда-ақ табиғаттағы түрлі құбылыстар арқылы дәл болжаған. Қорадағы төрт-түліктің тыныс-тіршілігін бақылап, күн райын жорамалдаған халқымыз қауіп-қатерді жәндіктердің жаппай жер бетіне шығуынан да сезген. Ата-бабамыз табиғи апатты алдын ала анықтаудың тағы қандай жолдарын білген? Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының бейнематериалында толығырақ айтылады.

атФото: Виктор Федюнин/Kazinform

Зілзаланың жақындағанын жануарлардың қимыл-қозғалысына қарап білуге болатынын Еуропа зерттеушілері осыдан бірнеше жыл бұрын дәлелдеген. Енді сейсмологтер жер қатпарларындағы өзгерістерді жан-жануарларды бақылау орталықтары арқылы болжап отырады. Жақында мұндай орталықтар елімізде де іске қосылды.

«Алматы облысы болжау полигонының аумағында жануарлар ұсталатын бес биостационар бар. Оларды бақылау тәулік бойы жүргізіледі. Әрі арнайы жабдықтар мен автоматтандырылған аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Біздің басты міндетіміз – жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау арқылы жер сілкінісі туралы болжам жасау», - дейді ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы зертхана меңгерушісінің м.а. Наталия Суровцева.

жыланФото: Kazinform

Ал тарихшылар ата-бабамыз табиғи апаттардың боларын заманауи техникасыз-ақ болжағанын айтады. Мәселен, жыландардың аязға қарамастан жер бетіне шығуын халқымыз «Жылан көшті» деп атап, жер сілкінетіні туралы алдын ала білген.

«Иттер ұлиды, бұрынғы әрекетінен басқаша мінез көрсетеді. Сол кезде сол адамға хабар бергені. Арқар, киік секілді аңдар да жер аударып кетеді. Жер аударып кетсе, не қатты қыс болады, не жер сілкінеді, әйтеуір бір апат болады деп болжап бұрынғы есепшілер, бұрынғы қариялар апатты алдын ала ұқтырып отыратын болған», - дейді этнограф Болат Бопай.

құсФото: Виктор Федюнин/Kazinform

Табиғаттың тілін түсінген халқымыз күн райын жүгiргeн aңның iзiнен, ұшқaн құстың биiктiгiнен ғана емес, судың ағысынан да аңғарып отырған.

«Көшкін түсуі мүмкін жер қозғалғаннан кейін. Судың ағысы өзгеріп кетуі мүмкін. Топан су қаптап кетуі мүмкін. Сондықтан шама келсе жазық далаға қарай қоныс аударады. Біздің көшпенді халықтар жердің сілкінісін осы арқылы алдын ала болжап отыратын болған», - дейді түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы.

маралФото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал бүгінде отандық сейсмологтер халық қазынасына айналған осындай тәсілді заманауи жағдайда пайдаланып келеді. Мәселен, жақында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында 5 цифрлық сейсмостанция орнатылды. Енді еліміздегі институтты сейсмикалық технологиялардың халықаралық орталығына айналдыру жоспарланып отыр.

Дереккөз inform.kz.