Қазақ қызы әлемдік рейтингке көтерілді

Қазақ қызы әлемдік рейтингке көтерілді
фото: pexels.com

 Әбиба Әбужақынова Олимпиадалық рейтингте үшінші, ал әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Қазақстандық балуан қыз халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған тізімінде бірнеше саты жоғарылап, қазақ қыздарында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркеді. 

Айта кетейік, Әбиба биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде жүлдеге ілікті. Алдымен Португалиядағы Гран-приде және Бакудегі Grand Slam-де қола жүлдегер атанды. Артынша Анталиядағы Grand Slam-де тағы қолаға, ал Ташкенттегі Grand Slam-де күміске қол жеткізді. Соның арқасында олимпиадалық рейтингте 4576 ұпай жинап, 48 келіге дейінгілер арасында үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Топ басында италиялық Ассунта Скутто болса, екінші орынға жапониялық Нацуми Цунода жайғасты. Айта кетейік, Әбиба дзюдодан қазақ қыздары арасында әлем чемпионаты мен әлемдік Grand Slam-де жүлдеге іліккен алғашқы спортшы.

 Сондай-ақ, ол Азия чемпионаты мен Азия ойындарында да жеңіс тұғырына көтерілді. Десе де, жеткен жетістікке тоқмейілсіп отырған жоқ. 

Енді ол осы айдың аяғына қарай Гонконгта өтетін Азия чемпионатына қатысып, рейтингегі жағдайын одан сайын жақсартуға тырысады.