Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені білікті логопед-дефектолог Рауан Байчинов әзірледі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сенсек, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәлімет енгізу жөнінде куәлік алған.
«Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған.
Бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді.
Оның жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтуде.
Жоба авторының айтуынша, әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған.
Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады.
Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған.
Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: irecommend.ru.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через