Спорт

Бөлісу

Қатар-2022: Франция – Марокко матчында үздік ойыншы атанған Антуан Гризманн рекорд жаңартты

Қатар-2022: Франция – Марокко матчында үздік ойыншы атанған Антуан Гризманн рекорд жаңартты

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Франция – Марокко арасындағы жартылай финалдық матчта франциялық шабуылшы Антуан Гризманн үздік ойыншы атанды.

Антуан Гризманн бұл ойында шабуылды ұйымдастырумен бірге қорғаныста да көзге түсті.

Жалпы, ол осы біріншілікте үздік пас беруші ретінде де танылып келеді.

Сонымен қатар А.Гризманн Франция құрамасы сапында әлем чемпионаттарында 18 рет қатарынан алаңға шықты. Бұл Франция тарихындағы ең ұзақ серия болып табылады.

Марокконы 2:0 есебімен жеңген Франция құрамасы 18 желтоқсанда финалда Аргентинамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанған.

Сондай-ақ үздік ойыншы Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.

Франция құрамасының қақпашысы Уго Льорис Мануэль Нойердің жетістігін қайталады.

Фото: yandex.rueurosport.es

 

Теги:

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через