Қасиетті қара домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар

Қасиетті қара домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар

 Ғұлама Әлкей Марғұлан бастаған ғалымдар екі ішекті бұл аспапты барлық аспаптардың атасы дегенді айтып кеткен.

Археологиялық қазба жұмыстары, тасқа түскен суреттер де оның шығуын ежелгі дәуірге апарып телиді.

Ары қарай сөз жоқ түркі дәуірі. Мынау кәдімгі өзінің тарихын тасқа қашап жазған Күлтегін, Тоныкөк, Бумын қаған заманында, одан ары Түркеш қағанаты, Түркі қағанаты, Көк Түркі қағанаты. Бұлардың бәрін тарихшылар кейде Сақ дәуірі деп атайды.

Түркі қағанаты кезіндегі бір заттарды тауып алса, археологиялық қазба жұмыстарынан, оларды Сақ дәуірінен деп атайды. Сақ дәуіріндегі көп зат хайуанаттар стилінде болатын.

Сол замандағы күйлер де сондай. Тура сол ерте кездегі күйлерді алатын болсақ, мысалы Аққу, жылқыға арналған қаптаған күйлер, Бозайғыр, Қара-жорға, Жорға аю, Қасқыр, Ақсақ қаз сияқты күйлер бар. Бұлардың бәрі ислам мәдениетіне дейінгі, Тәңір дініне дейінгі наным-сенім кезінде пайда болған. Ғалым, археолог Әлкей Марғұланның зерттеуінде бар», - дейді күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай.

Аңыз не дейді? Заманында ұлы Жошының қазасын естірткен адамның көмейіне қорғасын құямын деген Шыңғысханға адам баласы бата алмағанда, қайғылы хабарды осы домбыраның үнімен жеткізген-міс. «Ақсақ құлан» күйі осылай туған. Бұдан басқа да аңыздар, деректер жетерлік.

«Ақселеу Сейдімбеков мысалы қазақ күйлерін дәуірлей бастаған кезде ең алғашқы дерегін Аттиланың жорығынан бастайды. Сонда мына дерек тарихшылар айтады. Сонда бұлар өздерінің садағын шірей, шертіп отырып, соған қосылып ән айтатын жағдайлары бар. Күй тартатын жағдайлары бар дейді», - дейді Жанғали Жүзбай .

Осы қазіргі біздің отандық ғылымның мақтанышы Зейнолла Самашев 5 жылдай бұрын арғы қобыз-домбыраны, яғни домбыра мен қобыздың атасын қазба жұмыстары кезінде тауып алды. Ал оның жасы 5 ғасырдай. Мамандар арнайы сараптама жасап зерттеді. Домбыраның алғаш пайда болған жері исі түркі баласының алтын бесігі Алтай тауы деп те айтылады. Бұл аспаптың тек екі ішек қана емес үш ішектісі де бар. Қазақтың төріндегі сол қара домбыра тек тұрған жоқ, қаймана жұрттың тектілігін де айғақтап тұр.