Қарбызды қазір жеу – қауіпті

Қарбызды қазір жеу – қауіпті

Санитар дәрігерлер ерте піскен бақша дақылын алуға асықпау керектігін ескертті. Өйткені ондай қауын-қарбыз өсіруде химиялық тыңайтқыштар көп қолданылған. Нитраттан бөлек, жол жиегінде және белгіленбеген сауда орындарындағы өнімдер шаң мен басқа да зиянды заттарды жақсы сіңіреді. Ал оны тұтынған адам қатты уланып ауруханаға түсуі мүмкін.

Алматыда қыстың суық күнінде де табылатын қарбыздардың қазір тіптен қаптайтын кезеңі. Алайда санитар мамандар ерте піскен бақша өнімін әзірге жемеуге кеңес береді. Өйткені құрамында адам денсаулығына қауіпті нитраттан бөлек, микробтар қауын мен қарбыздың ішімен қоса, сыртында да көп болады. Халыққа қарбыз сатып аларда қаншалықты піскенін анықтау аса маңызды. Саудагерлер түсі мен дәмін көрсетуге бір бөлігін кесіп беруге де қарсы емес. Алайда санитар дәрігерлер мұндай әрекетке үзілді кесілді тыйым салып отыр. Өйткені жол-жөнекей бактериялар жуылмаған қарбызда көп кездеседі. Уланудың көп жағдайы жеке гигиенаны дұрыс сақтамағаннан да туады.

 «Пленка астында піскен қарбыздың дәмі мен пайдасы далада піскеннен әлдеқайда төмен». Осылай деген мамандар бақша дақылын жол бойынан емес, базар мен сауда орындарынан алған дұрыс дейді мамандар. Себебі: онда үнемі бақылау жүргізіледі.

 Қарбызқауындардың кезеңі тамыз айынан кейін басталады. Сол кезде қолданған дұрыс деп есептейміз. Себебі, оған дейін піскен барлық жеміс-жидек қарбыз бен қауынға қатысты. Дәрумені өте аз. Арнайы сауда-саттық орталықтарынан алатын болсаңыздар, ол жерде өз зертханасы болады, олар тексеріп отырады. Кенжегүл Қонысбаева, Алматы қаласы санитария- эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы

Қазір шаһарға қарбыз көбінесе оңтүстік өңірлерден жеткізіліп жатыр. Сауда орындарында келісі 400-450 теңге. Ал жол бойында 300 теңгеден.

Қарбыздан ұшынған адамның ең алдымен дене қызуы көтеріледі. Артынша іші ауырып, құсуы да мүмкін. «Мұндай жағдайда өз бетінше емделмей, тез арада дәрігерге жүгіну керек», - дейді дәрігерлер.