Қарағанды облысында паразиттік ауруларға шалдыққан науқастар саны бірнеше ондаған пайызға артып отыр.
Аймақта жыл сайын паразиттік аурулардың 1 мыңнан астам жана жағдайы анықталуда. Адам ағзасында өмір сүрер құрттардың бірнеше түрлері тіркелуде. Қауіптісі гельминттер тұрғындардың әсіресе балалардың денсаулығына әр түрлі патологиялық әсер етеді деген мамандар ұлт саулығына қатысты осынау мәселені көтерді. Гельминттер тұрғындардың әсіресе балалардың денсаулығына әр түрлі патологиялық әсер етеді. Ағзадағы паразиттердің салдарынан адам бойында аллергия туындап, иммунитеті тежеледі. Саматикалық аурулардың дамуына ықпал етіп сол аурудан емдеу мерзімін де ұзартады дейді мамандар. Іштегі құрттар әсіресе балалаорға аса қауіпті баланың психикалық және физикалық дамуын тежейді.
"Мәселен 2022 жылы облыста паразиттік аурулардың 1 мың 162 жағдайы тіркелді. Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстығанда 39 пайызға өсімі байқалды. Науқастар сапында 14 жасқа дейінгі балалар басым . Олардың үлес салмағы жалпы аурушаңдықтың 55 пайызын құрайды. Біздің аймақ үшін ең көп тараған экинококос" дейді, Қарағанды облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова
Гельминтоздар тобында аскаридоз жиі анықталуда. Жеміс жидек көкөністер, қолданыстағы тұрмыстық заттар аскарида жұмыртқасымен ластанып, оны қолдану барысында құрттар адам ағзасына енеді. Біздің облыста халықтың аскаридозды жұқтыру қаупінің жоғары екені зерттеу қорытындысы бойынша нақтыланып отыр. Бұл ретте жеке бас гигена ережелерін сақтау, шикі көкөніс жемістерді мұқият жуып қолданған жөн деп ескертеді мамандар. Эхинакокк пен ауру жағдайы десек өткен жылы облыста сырқаттанудың 32 пайызға артуы тіркеліпті. Бұл ауыр паразиттік ауру. Бауырда, өкпеде және басқа орғандарда паразаиттер шоғырланған ет өскіні пайда болып, көбінесе ауыр асқынулармен немесе адам өлімімен аяқталады. Бұл ретте инфекция көзі иттер мен жабайы жануарлар. Сондықтан үй жануарларын асырағанда жеке сақтықты танытқан жөн.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/81858/?utm_source=smi24
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через