2022 жылдың 6-11 желтоқсан күндері аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдығына арналған «ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2022» жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді.
Фестивальдің мақсаты –жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Шығармашылық құрамға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту.
Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 13 желтоқсан күні сағат 11.00-де марапатталады.
6 желтоқсан, фестивальдің ашылуы күні өтетін шаралар:
Сағат 17.00 - де Баспасөз мәжілісі;
Сағат 17.30-да А.Мұқанның «Қ.Жетпісбаев», С.Асқаровтың «Б.Жанғалиева», К.Малтабарованың «Ә.Мәмбетов» кітаптарының тұсаукесері;
Сағат 18.00-де «КСРО Халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қаһарманы Ә.Мәмбетовтің туғанына –90 жыл»атты көрме;
Сағат 18.30-да Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясының (реж. А. Оспанбаева) көрсетілімі.
Фестиваль күнтізбесі:
7 желтоқсан – Ақын, этнограф Қ.Бегмановтың «Менің Мұстафам!..» моноспектаклі (реж. Ә. Рахимов), басталуы: сағат 18.30-да (Кіші зал);
8 желтоқсан – Жазушы, драматург Д.Исабековтің «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасы (реж. Ж. Жұманбай), басталуы: сағат 18.30-да;
8 желтоқсан – жазушы, драматург Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасы(реж. А.Қабдешова), басталуы: сағат 12.00-де (Кіші зал);
9 желтоқсан – Ағылшын жазушысы Б.Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясы (реж. Ә. Оразбеков), басталуы: сағат 18.30-да;
10 желтоқсан – Бір кеште екі спектакль: А.Батырқызының «Бейтаныс таныстар» және Ж.Бауыржанқызының «Қайдасың, мама?!» моноспектакльдері, басталуы: сағат 18.30-да (Кіші зал).
11 желтоқсан - ұлы жазушы М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы (реж. Е.Нұрсұлтан), басталуы: сағат 18.30-да.
13 желтоқсан - «Қара шаңырақ – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау (Кіші зал).
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через