Жетісу Алатауында "тұрақты туризмді дамытуға" арналған грантты іске асыру жөніндегі бірінші далалық маусым аяқталуға жақын, іске асыру мерзімі 01.04.22-01.04.23 .
Жобаның үш негізгі мақсаты бар: атпен серуендеу туризмін насихаттау және дамыту, сирек кездесетін жануарлар түрлерін - қар барысын бақылау, жергілікті халықты табиғатты пайдаланудың жаңа түрлеріне оқыту.
Бірінші жылы жоба қатысушылары атқа қонып серуендейтін туристік маршруттарын ұйымдастыру мақсатында Жетісу Алатауындағы биоалуантүрліліктің негізгі аумағын зерттеді. Соқпақтар тазартылды, арнайы тұрақтар ұйымдастырылды, өнім туры құрылды.
Сонымен қатар, жобалық аумақта қар барысы мен басқа да негізгі түрлердің популяциясын анықтау мақсатында жануарлар ресурстарына мониторинг жүргізіледі, фототұтқыштар орнатылады.
Мониторинг екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Осы кезеңде wwb wildlife Without Borders зоологтары Жетісу Алатауының (Жоңғар) жануарлар дүниесін бақылаудың бірегей деректерін жинайды.
Табиғат аясында жасырын орнатылған бейнекамера қар барысын таспаға түсіріп алды. Ерекше кадрларды Standard.kz порталынан ғана көре аласыздар.
Фото vsegda-pomnim.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через