Қандай дәрі-дәрмек шаштың түсуіне әсер етеді?

Қандай дәрі-дәрмек шаштың түсуіне әсер етеді?

Дәрігер Александр Мясников шаштың түсуіне себеп болатын дәрі-дәрмекті атады.

Оның айтуынша шаш тығыздығының жоғалуының жалпы себептерінің бірі жоғары қан қысымына қарсы препараттар, құрысуға қарсы препараттар антибиотиктер мен асқазан ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер.

"Егер шаш түсу мәселесі сізді алаңдатса, не қабылдап жүргеніңізге назар аударуыңыз керек. Сізге шаш түсуіне қарсы дәрумендер берілуі мүмкін. Алайда сіз ол дәрумендермен қатар шаштың түсуіне әсер ететін  дәрілерді қабылдап жүруіңіз де мүмкін", – деді дәрігер.

Сондай-ақ сарапшы әйелдерде шаштың түсуінің жиі кездесетін себебі темір тапшылығы анемиясы және диетадағы ақуыздың жетіспеушілігі екенін атап өтті. Жұқпалы және созылмалы аурулар, стресс және қалқанша безінің аурулары салдарынан да шаш қарқынды түсуі мүмкін.

Stan.kz ақпарат агенттігі