Қанат Исламның қарсыласы анықталды

Қанат Исламның қарсыласы анықталды

       Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін кезекті жекпе-жегінде қарсыласы өзгерді.

       Бастапқыда Қазақстандық боксшының қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас еді.

       BoxRec.com мәліметінше, оның ендігі қарсыласы 38 жастағы аргентиналық Хавьер Франциско Монтиэль (34-17, 23 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

       Қанат Ислам үшін бұл жекпе-жек 2022 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.

       Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/qanat-islamnyn-qarsylasy-anyqtaldy-288640/