Спорт

Бөлісу

Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Қанат Ислам Америкадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

«Қазақ» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 КО) Америка Құрама Штаттарында ұйымдастырылатын  кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Аргентина боксшысы Хавьер Франсиско Масьельмен (34-17, 23 КО) жұдырық түйістіру алдында қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесінде қалды.

Жекпе-жек АҚШ уақытымен 7 қазанда (Астана уақытымен 8 қазан – авт.) Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді.

Айта кетсек, Қанат Исламның осы аталған жекпе-жегі алдында қарсыласы ауысып кеткен болатын. 

Дереккөз ҚазАқпарат.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через