фото: https://pixabay.com/ru/
Тауарды бөліп төлеп алуға болатындығы туралы жарнаманың дақпырты күшті, дәуірі жүріп тұрған кез. Әсіресе Каспий банктің 3-6-12-24 айға бөліп төлеу қызметіне, үстеме төлемін ескермей, тегін таратылып жатқандай көзді жұмып жүгінетін жағдайға жеттік. Оның қаншалықты тиімділігін ескеріп елеп жатқанымыз аз. Каспий жұма деген науқанды алақанды ысқылып күтіп отыратындар қаншама. Ол науқан кезінде тауардың бағасының әдеттен бөлек шарықтап кететінін ескеріп жатқан жан аз. Бүгінгі мақалада осы бөліп төлеудің қаншалықты тиімді-тиімсіздігін талдап көрейікші.
Тауарларды бөліп сатып алудың оң және теріс жақтары қандай?
Тауарларды бөліп сатып алу қарапайым азаматтар үшін де, кәсіпкерлер үшін де қол жетімді және ыңғайлы болып табылады. Осы ыңғайлықтың арқасында біздің елде ең танымал қаржы құралдарының біріне айналды. Бөліп төлеуде нені білу керекпіз және оны қалай дұрыс пайдаланамыз деген сұрақ бар.
Дәл қазір бөліп сатып алыңыз немесе ақша жинап, қолма-қол ақшаға алыңыз? Қайсысы сізге қолайлы.
Біраз уақыттан кейін қажетті тауар инфляцияға немесе доллар бағамының өсуіне байланысты қымбаттауы мүмкін, ал бөліп төлеу бағаны осында және қазір белгілейді. Дегенмен, эмоционалды сатып алудан аулақ болу керек.
Егер бағасында аса айырмашылық болмаса, онда тауарды бөліп рәсімдеп, ақшаны депозитке жіберген дұрыс. Содан кейін пайыздарды ала отырып, ай сайынғы өтеу үшін сол жерден қаражат аласыз.
Артық төлемдер жоқ па?
Банк комиссиясын сатушы төлейді. Егер сіз 120 000 теңгеге бөліп төлеген болсаңыз, онда сіз 12 ай ішінде 10 000 теңгеден төлейсіз. Сізге қосымша пайыздар есептелмейді. Кейбір сатушылар сатып алу кезінде бағаны көтереді, бірақ кез-келген жағдайда бөліп төлеу несиеден гөрі тиімдірек. Ал өнімді әрқашан акциялар кезінде бағаны көтермейтін сатушыдан алуға болады.
Кәсіпкерлер мен мемлекет үшін қандай артықшылықтар бар?
Біріншіден, сатылымдар мен кірістердің өсуі. Екіншіден, бизнес мұндай сатылымдар үшін төлемді тікелей банктен алады, яғни бұл салықтар төленетін ресми кіріс (көлеңкеден шығу). Содан кейін бизнесті дамытуға несие алуға, айналымды арттыруға, жұмыс орындарын құруға болады.
Әрине бөліп төлеп алуға болады екен деп, көзсіз қарызға кіре беруден аулақ болған жөн. Әр адам өзінің айлық табысын ескеріп, төлем қабылетіне қарай банктің құзіретіне жүгінгені дұрыс. Айлығыңыз шәйлығыңыздан аспай жатса, бөліп төлемек түгіл, бөліп сатып алған затыңыздан да айрылып қаласыз. Сондықтан банк ала қой деп, қанша қызықтырса да әрбір адам көрпесіне қарай көсілгені дұрыс болар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через