Жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік жасау бойынша Маңғыстау облысы алғашқы үштікке енді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша елімізде жасөспірімдер арасында түсік жасау саны бұрынғыға қарағанда азайған.
2021 жылы 15-19 жас аралығындағы 1 мың жасөспірім қыздың арасында 23 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 7 адамға аз.
Аймақтар арасында жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Маңғыстау және Жамбыл облысы тұрақтаған. Ал ең төменгі көрсеткіш Астана мен Алматы қалаларына тиесілі.
Сонымен бірге 15 жасқа дейінгі қыздар арасында жасанды түсік жасату дерегі біршама азайыпты. Мәселен, 2018 жылғы жағдай бойынша 27 оқиға тіркелсе, 2021 жылы 15 жайт есепке алынған.
Зерттеу бойынша елімізде 15-18 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында жасанды түсік жасату азайып отыр. Салыстырмалы түрде 2020 жылы 1122 жағдай тіркелсе, 2021 жылы олардың саны 1091 адамды құраған.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через