Қай қан тобындағылар алжуға бейім

Қай қан тобындағылар алжуға бейім

       Жас ұлғая келе, яғни, жүре жабысатын дерттердің бірінен саналаты алжуға қандай қан тобындағылар бейім келеді?

       Жадыны әлсірететін, конгнитивтік (назар салу) функцияны төмендететін деменция, American Academy of Neurology  ғалымдарының пайымдауынша, AB (IV) қан тобындағыларға үйір келеді.

       Мәселен, АҚШ халқының тек 4%-ы ғана AB (IV) қан тобында, алайда, олардың  82 пайызы түбі алжуға апарып соқтыратын  ойлау және есте сақтау қабілетінің нашарлауынан зардап шегетіні белгілі болып отыр.

       Бұл тарапта үш жылдан аса жүргізілген зерттеуге 30 мың адам қатысқан. Аталмыш зерттеу нәтижесінде IV қан тобындағылар VIII факторының (қаның ұйуына көмектесетін ақуыз) орташа деңгейі жоғары болып келеді. Ал мұндай ақуыздың молдығы өз кезегінде конгнитивтік функцияның бұзылуына алып келеді әрі алжу ауруына ұшырату қатері жоғары.

       Бұл айтылғандардан бөлек, қан қысымының жиі көтерілуі, холестерин деңгейінің жоғары болуы, сусамыр дерттері де алжу ауруына апарып соқтыратын факторлар қатарында.

       Ақпарат дереккөзі