Психолог адамдардың не себепті балалық шағын есіне түсіре алмайтынын айтты

Психолог адамдардың не себепті балалық шағын есіне түсіре алмайтынын айтты
фото: pedsovet.org

       Өзіне деген сенімсіздік, қорқыныш, жұмыстағы және жеке өмірдегі бітпейтін мәселелердің бәрі балалық шақтан басталады. Бұл проблемалардан өткенді ұмыту керегін түсінгенде ғана құтылуға болады. 

       Мінсіз адам болмайды. Тіпті өзіміз үлгі тұтатын ата-анамыз да бала тәрбиесінде қателікке бой алдырып жатады. Ондай қателіктердің кейбірі уақыт өте ұмытылып кетсе, енді бірі баланың болашағына кесірін тигізеді. Кей ересектердің психологиялық тұрғыдан әлсіз болатыны да сондықтан. 

       Психолог Михаил Лабковскийдің айтуынша, әрбір ересек адам балалық шағында басынан өткерген, психикасы көтере алмаған күйзелістен әлі де зардап шегетінін өз бетінше түсіне алады. Ол үшін сіз өзіңізге бірнеше сұрақ қоюыңыз керек.

       "Ойланып көріңіз, балалық шағыңыз анық есіңізде ме? Естеліктерді кино көргендей көз алдыңызға елестете аласыз ба? Психологияда бұл маңызды дүние. Егер сіз балалық шағыңызды анық еске түсіре алсаңыз, бала кезіңізде психологиялық жарақат алатында жағдайлар аз болған. Он, он алты жасқа дейінгі естеліктеріңіз де ұмытып қалсаңыз, терапевт дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс”, - дейді психолог.

       Өткенге оралып, балалық шақтағы естеліктеріңізді анық көруге тырысыңыз:

  • Өміріңізде сіз шеше алмаған сынақ болды ма? Кішкентай қыздың (ұл) сабақта отырып тапсырма орындай алмай, жылаған кезі есіңізде ме?
  • Мектептегі алғашқы махаббатыңыз туралы не айта аласыз? Оның соңы немен аяқталды?
  • Анаңыздың сіздің балабақшадан алып кеткен кезі есіңізде ме? Анаңызбен қалай уақыт өткізетін едіңіз?
  • Мектеп кезінде ең жақын досыңыз болды ма? Екеуіңіздің алғаш рет ұрысып қалған кез есіңізде ме? Не үшін ұрыстыңыздар?

       Тағы бір маңызды маңызды дүние: “Сізге қатты ауыр тиген жағдайлар?”

  1. Ата-анаңыз сіз қалаған ойыншықты алып бермеді;
  2. Ұл бала шашыңыздан тартып, ауыртып қойды;
  3. Сабақтан нашар баға алып, ата-анаңызға айтуға қорықтыңыз.

       Осы дүниелер сіз үшін әлі де өзекті ме?

       “Қазір сіз үшін шешімі жоқтай болып көрінген мәселелер уақыт өте маңыздылығын жоғалтады. Тіпті, 2-3 жылдан кейін ол туралы мүлдем ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан қазіргі сәтпен өмір сүріңіз”, - дейді Михаил Лабковски.

       Stan.kz