фото: https://sputnik.kz
Проректор теңгеге тарихи тұлғалардың бейнесін қайтаруды ұсынды
Елбасының қолы басылғаннан кейін валютамыз қатты әлсіреп кетті. Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Ғалым Байтоқ ұлттық валютаға тарихи тұлғалардың суретін басуды ұсынды.
"Біздің валютамыз басқалармен салыстырғанда өте жұтаң көрінеді. Тарихи тұлғалар бейнеленген сан алуан елдердің валюталарын мысал етпей-ақ қояйын, бірақ теңгемізден танымал тұлғаларды өшіру алдын ала жоспарланған акция болғанын айту керек. Өйткені уақыт өте келе барлық банкнотта Елбасының ғана келбеті болуға тиіс еді", - деп жазды Байтоқ әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда ол теңгенің алғашқы нұсқасын еске түсіріп, оны халық мақтан тұтқанын атап өтті.
"Шынымен де, сол кезде бәріміз теңгемен мақтандық. Бәлкім, теңгеге басылған әруақтар оның құнын ұстаған шығар. Артынан Елбасының қолы басылған валютамыз қатты әлсіреп кетті. Ұлы бабаларымыздың бейнесін қайтаратын кез келген жоқ па? Біріншіден, бұл қандай да бір жолмен теңгедегі Назарбаев есімін люстрациялайтын символизм, екіншіден, Жаңа Қазақстанның жаңа нышаны болады", - деген пікір білдірді Байтоқ.
Сарапшы 20 000 теңгелік купюраға Жошы ханды, 10 000-ға Әл-Фарабиді, 5 000 теңгелік банкнотқа Абылай ханды, 2000-ға Абайды, 1000 теңгеге Шоқан Уәлихановты, ал 500 теңгеге Дінмұхамед Қонаевтың бейнесін басуды ұсынып отыр.
Айта кетері, өткен жылы 1 желтоқсанда ұлттық банк Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық банкнота шығарған. 20 мың теңгелік купюрада Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті басылды. Таралымы – 3 миллион дана.
2016 жылы тура сондай купюра шығарылды. Бірақ номиналы 10 мың теңге болды.

Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через