Павлодарлықтың жүрегін донорлыққа әкеле жатқан ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмай қалған

Павлодарлықтың жүрегін донорлыққа әкеле жатқан ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қона алмай қалған

       Павлодарлықтың жүрегі бар борт ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда үстінде бір сағатқа жуық ұшып жүрген. Ал дәрігерлер белгілі бір уақыт ішінде органды клиникаға жеткізуі керек болатын.

       Жүрек доноры болған 42 жастағы павлодарлық геморрагиялық инсульт алып, миға қан құйылу салдарынан қаза тапқан. Павлодарлықтың жүрегін елорданың 55 жастағы тұрғынына ауыстырып салынуы тиіс еді. Донордың жүрегін күтіп жатқан бас қаладағы науқасқа органды уақытында жеткізу маңызды еді. Алайда трансплант-топ мүшелеріне ауа райының қолайсыздығы өз кедергісін келтірген.

       Кардиохирург Әсел Медресованың айтуынша, донорлық органдарды тасымалдау жағдайында әрбір минут есептеулі. Сол себепті дәрігерлер 3,5 сағаттан кейін жолға шығуға шешім қабылдайды.  

       Алайда Нұр-Сұлтан қаласында күрт нашарлаған ауа райы донордың жүрегін жедел жеткізген ұшақтың қонуына кедергі болады. Осының салдарынан борт елорда аспанында бір сағатқа жуық уақыт ұшып жүрген. 

       “Біз бір сағаттан кейін елорда әуежайына жеттік. Бірақ боран болғандықтан, қону жолағының үстімен 40 минуттай ұшып жүрдік. Борттағылар қатты қобалжыды. Ал басқа қону нүктесіне ұшып кетейік десек, дизель отыны жеткіліксіз болды. Ал пациент пен орталықтағы команда донорлық органды тағатсыздана күтіп отыр еді. Дәл осы сәтті біз үшін әр минуттың бағасы қымбат болды, – деді ол.

       Дейтұрғанмен ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, әуе кемесінің командирі мен ұшқыш қонуға шешім қабылдаған. 

       Павлодардан шыққан бригада жүректі елордадағы орталыққа  жеткізгеннен кейін, орган бірден сақтаудың жаңа жүйесіне қосылды. Жаңа технология донорлық мүшенің ұзақ сақталуына көмектеседі.

       Дәрігерлер қауіпті сапарға шыққандары зая кетпегеніне риза. Павлодарлықтың жүрегі елорданың 55 жастағы тұрғынына жаңа өмір сыйлады. 

      Stan.kz