фото: Фото: Павлодар облыстық ТЖД ұсынды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қаңтарда 13:30-да Катаев көшесінде тұрған бір қабатты «Веселый улей» дүкені өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу жетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін дүкен қызметкерлері өздігінен эвакуацияланды.
– Келген бойда өрттің күрделі дәрежесі жарияланды. Өрт сөндірушілердің күштері өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді,– деді департаментте.
Өрттің жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың алдын-ала себебі анықталуда. Өрт сағат 16:59-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 61 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через