Павлодар облысында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті

Павлодар облысында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті
фото: Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қараусыз қалған үй жануарларының темір жолдарға шығуын болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізуде. Соған қарамастан, Департаментте әрбір кезекші тәулік ішінде теміржол төсемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежелу фактілері тіркелуде.

– «Бозшакөл – Үленті» станцияларының аралығында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті. Нәтижесінде, жануарлардың барлығы өліп, жоспарланбаған пойыз тұрағы 13 минутты құрады, – деді департаменттің баспасөз қызметінде.

Екібастұз станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мал иесін анықтады. Ол Павлодар облысының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚазАқпарат