фото: pexels.com
Парижде өтетін Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 18 мың француз әскері мен 3 мың ұшқыш жұмылдырылады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, Франция үкіметі әлемнің 46 мемлекетінен көмекке әскери қызметкер жіберуді сұраған.
Бельгия мен Польша ұсынысты қабылдайтындарын растады. Польша 40 тәртіп сақшысы мен кинологтардан құралған 13 команда жібермек. Олардың міндеті – жарылғыш заттарды анықтап, залалсыздандыру.
Шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і аралығында өтетін Олимпиада ойындарын тамашалауға 15 млн адам барады деген болжам бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через