Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшы қанша ақша алады?

Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшы қанша ақша алады?
фото: pexels.com

2024 жылғы Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланды:

1-орын: 220 000 $

2-орын: 120 000 $

3-орын: 70 000 $

4-орын: 30 000 $

5-орын: 10 000 $.

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

  Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, жиында жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Боксшыларға 20 мың АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 мың доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құраманың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Дереккөз kaz.inform.kz.