Париж Олимпиадасында медаль алған боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері белгіленді

Париж Олимпиадасында медаль алған боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері белгіленді
фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланды.

Сыйақы мөлшерімен Қазақстандық бокс федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

1-орын: 220 000 $

2-орын: 120 000 $

3-орын: 70 000 $

4-орын: 30 000 $

5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

ҚазАқпарат