фото: pixabay.com
Бүгінгі таңда елімізде жасы 60-тан асқандар, жетпіске жетіп, сексеннің сеңгіріне шыққандар сәби сүйіп жатыр ма? Әлде бұл өткен ғасырлардың еншісіне ғана бұйырған ба?
мысалы, жақын көршіміз Өзбекстанда өткен жылы 60 және одан жоғары жаста балалы болған ер адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы елдің статистика агенттігі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанда бір жыл ішінде 60 және одан жоғары жастағы 819 ер адам балалы болған.
Сондай-ақ 50 және одан жоғары жаста некеге тұрғандар саны — 6 651.
Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылы 962 мың нәресте дүниеге келген.
Ал біздің елді былтыр қанша Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбайлар дүниеге келді?
Ғаламтарды ақтарап бұл жайында нақты ешқандай ақпарат таба алмадық.
sputnik.kz сайты Ұлттық статистика бюро ұсынған 2022 жылғы ақпаратты жариялаған екен. Әзірге 2023 жылғы деректі еш жерден таппадық. Сондықтан sputnik.kz сайты ұсынған мәліметпен бөлісеміз.
Қазақстанда былтыр 403,9 мың бала дүниеге келді, оның 51,5%-ы ұл, 48,5%-і қыз.
2021 жылы Қазақстанда 446,4 мың бала өмірге келген. Өткен жылы туған балалардың 241,4 мыңы яғни, 59,8%-ы қалалық жерде дүниеге келіпті. Ал 162,4 мың бала ауылдық жерде туған. Дүниеге сәби әкелетін аналардың орташа жасы былтыр 31 жас шамасында болыпты.
2021 жылы 29-30 жас аралығы орташа жас ретінде есептелсе, 2020 жылы көбіне 29-дан жаңа асқан әйелдер ана болған. Қалада тұратындардың орташа жасы 32-ге жетіп барып босанса, ауылдағы аналардың орташа жасы 31 екен.
Ең жоғары орташа жас Астанада – 32,5 жас және Алматыда – 32,3 жас. Ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 30,2 болды. Нәрестелі болғандардың орташа жасы алғаш рет 26,8 жасты құрады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через