Өттегі тастан жан қинамай қалай құтылуға болады?

Өттегі тастан жан қинамай қалай құтылуға болады?

Кейінгі кезде егде адамдардың ғана емес, жастардың да өтінде тас пайда бола бастады.  Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының ресми дерегіне сүйенетін болсақ жер жаһандағы әрбір төртінші, бесінші адам өт жолдары немесе бауыр ауруларынан зардап шегеді екен. Мамандардың айтуынша өттегі тас көбінесе ағзадағы зат алмасудың бұзылуынан, сонымен қатар көп қимылдамау, майлы тамақтарды жиі тұтыну, дұрыс тамақтанбау, ішек аурулары салдарынан пайда  болады. Өт жолында тас тұрса оны хирург-дәрігердің көмегінсіз, жанды қинамай  қалай тазалауға болады?

Гастроэнтерологтардың айтуынша, егер өт жолындағы тастың көлемі 15-20 мм-ден аспаса арнайы дәріні көмегімен ерітіп түсіруге болады. Бірақ тастар толық еріп кетуі үшін дәріні бірнеше жылдар бойы үздіксіз ішуге тура келеді. Ал хирургтер міндетті түрде хирургиялық ота жасалу керек екенін алға тартады. Бұл мәселеде дәрігер мамандардың пікірі екіге жарылған. Не істемек керек?    

Мұндпай кезде ертеден келе жетқан ескі тәсілге жүгінуге болады. Бастысы біз ұсынғалы отырған емнің денсаулыққа ешқандай зияны жоқ. Сондықтан байқап көруге тұрады. Бұған көп нәрсенің қажеті жоқ. 3-4 қызылшаның қабығын ашып, жұқа етіп кесесіз. Тілімдерді үш литрлік банканың түбінен үш елідей биіктікте саласыз. Сонан соң үстіне қайнатылған немесе бұлақтың салқын суын құйып, бетін дәкемен жауып қоясыз. 24 сағаттан кейін соң банканың ішін ағаш қасықпен араластырып, онан соң тағы да 7-8 күн тұндырасыз. Дайын болған қызылша тұнбасын сүзіп, тоңазытқышқа салып қоясыз. Тұнбаны жылытып, шөлдеген сайын ішу керек. Үзбей ішіп отырсаңыз мұндай емнен соң бүйрек пен өт жолына жиналған тастар жанды қинамай түсе бастайды. Сонымен қатар қызылша тұнбасын ішкенде қан қысымы да айтарлықтай төмендейді, ал ішек жолдарының жұмысы жақсарады. Егер мүмкіндік болса ультрадыбыстық зерттеуден (УЗИ) өтіп, нәтижесін тексерген дұрыс.

Өт қабындағы тастардың көлемі құм тәрізді ұсақ немесе одан анағұрлым үлкенірек болады. Кейде үлкені де, кішкентайы да қатар кездесуі ықтимал. Өт қабындағы тастардың кесірінен кейде іштің жоғарғы оң бөлігі ауруы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі деп аталады.

Аурудың себептері қандай?

Өттің құрамында билирубин, холестерин тым көп болса немесе өт тұзы көп жиналса, өт қабында тастар түзіледі. Сондай-ақ, тастар өт қабының жеткіліксіздігінен пайда болуы да мүмкін.

Өт тастарының холестериндік және пигменттік екі түрі болады.

  • Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады.
  • Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады.

Кеселдің пайда болуына мынадай жағдайлар себеп болады:

  • Семіздік. Семіздікке шалдыққан адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілу қаупі жоғары. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың түзілуін туындатуы мүмкін.
  • Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке түсетін  холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез  салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін.
  • Метаболикалық синдром, диабет және инсулинге тұрақтылық. Бұл аурулар кезінде өт тас ауруының пайда болу қаупі артады. Метаболикалық синдромда, сондай-ақ, аурудың асқынуының пайда болуы қаупі аратады. Метаболикалық синдром – артық дене салмағымен және семіздікпен байланысты аурулар тобы. Бұл кезде жүректің аурулары және 2 типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар.

Аурудың белгілері қалай білінеді?

Өт тас ауруы бар көптеген адамда қандай да бір симптом байқалмауы мүмкін. Мұндай жаңдайда ол симптомсыз немесе үнсіз деп аталады.

Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты кешке немесе түнде байқалады.

Егер өт түтігі бірнеше сағат бойы бітеу болса, ауру асқынады. Асқыну деп нені айтамыз: өт қабының қабынуы және зақымдануы, өт қабының, өт түтіктерінің немесе бауырдың инфекциялары.

Уақытында емделмесе өт немесе ұйқыбезі түтіктері бітелуінің соңы ажал құштыруы мүмкін.

Емделу жолдары қандай?

Егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды. Өт  тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін отаға жүгіну. Егер науқасқа ота жасау мүмкіндігі болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық жолда қолданбай басқа қауіпсіз ем-дом жасайды.

Өт қабы – өмірлік маңызды ағза емес. Адам өт қабынсыз өмір сүре алады. Өт қабын алып тастаған кезде өт — өт қабында жиналудың орнына бауырдан бауыр және жалпы өт түтіктері арқылы тікелей ұлтабарға түседі.

Мұндай ауруға шалдықпас үшін не істеу керек?

Өтте тастың пайда болуы сіздің тамақтану тәртібіңізге тікелей байланысты. Егер құрамында холестерині көп тағамды тұтынсаңыз ауруға шалдығу қаупі басым.

Дегенмен, вегетариан адамдар бұл аурудан зардап шекпейді. Бірақ өттас ауруынан сақтанамын деп еттен мүлдем бас тартуға болмайды. Тек көкөністер мен түрлі жаңғақтарды, апельсин, мандарин секілді жемістерді және бұршақ тәріздес дақылдарды көп жеу керек.

Жалпы өт тасы ауруынан сақтану үшін адамдардың жыл сайын дәрігер тексеруінен өтіп тұрғаны абзал.

Фото: mirtesen.ru