Отандық ғалымдар жараны емдеуге арналған биологиялық таңғыш ойлап тапты

Отандық ғалымдар жараны емдеуге арналған биологиялық таңғыш ойлап тапты
фото: https://sputnik.kz

Отандық ғалымдар жараны емдеуге арналған биологиялық таңғыш ойлап тапты

X-Graft деген атауға ие болған таңғыш биологиялық материал болып саналады.

Ұлттық биотехнология орталығында түрлі терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдың тұсаукесері өтті.

Қазақстандық ғалым Вячеслав Огайдың айтуынша, биологиялық жабын ауыр күйік шалған, қант диабеті, онкологияға шалдыққан науқастардағы терең жараны емдеуде таптырмас құрал.

Жара мен күйікті таңуға арналған құралдың ерекшелігі - сиыр көкетінің шандырынан жасалуы.

X-Graft деген атауға ие болған таңғыш биологиялық материал болып саналады.

"Сиырдың қабырғалық ішастарынан жасалған таңу материалы терең және ұзақ емделмейтін жараларға арналған, сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша таңу үшін қолданылады. Емдік қасиеттері бойынша бұл биологиялық жабын шетелдік баламалардан кем емес, себебі коллаген мен эластиннің табиғи талшықтарынан жасалған, әрі адам терісіне ұқсас биомеханикалық қасиеттерге ие. Сондай-ақ жабынды стоматологияда қызыл иектің көлемін ұлғайтуға және тіс имплантының айналасындағы жұмсақ тіндердің көлемін арттыру үшін қолдануға болады", - дейді ол.

Оның айтуынша, идеяның авторы – марқұм дәрігер-комбустиолог Қабылбек Әбуғалиев.

"2011 жылы ол Биотехнология орталығына келіп, елде донор терісінің тапшылығы бар екенін айтты. Проблеманы шешуге атсалысу үшін ірі қара көкетінің шандырынан тиімді таңғыш жасайық деген ұсыныс білдірді. Әріптестерімізбен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жануардың жасушасын алып тастаудың оңтайлы технологиясын таптық", - дейді ғалым.

Мәтіндегі ақпарат туралы