фото: https://pixabay.com/ru/
Ересек британдықтардың үштен бірі қоғамда қысым мен стресс жоғары деңгейін бастан кешіруде.
Сауалнамаға қатысқан орта жастағылардың көпшілігі осындай жағдайдың бар екенін мақұлдаған.
29 жастағы Роуз екі баласын тәрбиелеп, психолог дәрежесін алуға тырысты. Бірақ оған күш-жігері жетпеді. Сол кезде ол өзінің эмоциональды әлсіздігін сезінгенін айтады.
"Менде көп нәрсе бар. Маған университет жұмысын ұзарту туралы бірнеше рет сұрауға тура келді. Уақыт өте келе бұл мені шаршатты. Күн сайын қатты күйзеліске ұшырадым", - дейді ол.
"Одан да сорақысы, ұнжұрғам түсіп кетті. Маған күнделікті тапсырмаларды орындау қиынға соқты", – деп қосты қыз.
Британдықтың айтуынша, оның психикалық жағдайы балалармен қарым-қатынасын соншалықты өзгертті, ол енді олар көргісі келетін көңілді ана бола алмайтынын сезген.
Ұлыбританияның mental Health ұйымының соңғы есебіне сәйкес, өткен жылы Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 90% - дан астамы "белгілі бір уақытта қысымның немесе стресстің жоғары немесе экстремалды деңгейін бастан кешірген.
Психикалық денсаулығын сақтау үшін демалысқа шығуға мәжбүр болған жұмысшылардың саны "артқан". КЕҰ мәліметтері бойынша, жұмыс істейтін әрбір бесінші британдық қысым мен күйзеліске байланысты өзінің кәсіби қызметін тоқтатқан.
"Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ағылшындардың сағы сынған ұлтқа айналып бара жатқанын және стресстен туындаған психикалық денсаулық мәселелеріне байланысты көптеген адамдар жұмыстан кеткенін көрсеттіі", – дейді Брайан Доу, mental health UK бас атқарушы директоры.
The mental health UK бұл мәселені шешу керек деп санайды және үкіметті оны мойындауға және "сау" жұмыс орындарын құруға және стресс пен психикалық денсаулық мәселелерімен күресетін адамдарға қолдау көрсетуге шақырады.
Зерттеу көрсеткендей, компаниялар қатты күйзеліске ұшыраған қызметкерлерге көмек көрсетуге дайын болмауы мүмкін.
YouGov сауалнамасының нәтижесінде көпшілік қауым жұмыс берушіде созылмалы стресстің белгілерін анықтау және депрессияның алдын алу жоспары жоқ екенін айтты.
"Мен өзім осындай жағдайға тап болдым және оның біздің жағдайымызға қаншалықты зиян тигізетінін және жұмыс берушілер оның алдын алу үшін нақты шараларға басымдық беруі керек екенін түсіндім", – дейді Дейдре Боуэн, Ұлыбританияның психикалық денсаулық ұлттық бағдарламаларының директоры.
Пандемия және өзге де тұрмыстық кедергілер Боуэннің өмірінде де болды.
"Физикалық тұрғыдан шаршадым, үнемі қобалжыдым және басым ауырды, түнгі ұйқым бұзылды.
Депрессия жағдайында өмір сүрдім, жұмыс пен өмір арасындағы шекаралар бұлыңғыр бола бастады", – деп қосты ол.
Ақырында үш апта демалыс алып, терапияға баруды шешті. Бірақ қалпына келу ол күткеннен көп уақыт алды. Ол жұмысқа деген көзқарасын толығымен өзгертуге мәжбүр болды.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде елдегі бағаның өсуі британдықтардың қалтасына әжептәуір тиген, жұмысшылардың шамамен 38%-ы өмір сүру құнының дағдарысына байланысты күйзеліске ұшырайтын болған.
Алайда, стресстің жоғары деңгейі қалыпты болып көрінгенімен, әрбір төртінші ересек адам (24%) бұл мәселені өз бетінше шеше алмайды. Сөйтіп ересек адамдар тұрмыс тауқыметінің салдарынан дағдарысқа ұшырауда.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через