Шындық

Ораза айында көп қойылған есімді білесіз бе?

  Ораза айында көп қойылған есімді білесіз бе?

Елімізде сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл деректі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Атап айтқанда, Рамазан есімді 1085 ұл дүниеге келді. Екінші орында сұранысқа ие болған есім - Айсұлтан. Бұл ат 248 ұлға қойылды. Танымал үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі еніп тұр. Айта кетсек, наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын.

Сондай-ақ, сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін беріпті. Бұл есім наурыз айында да 4-орында болған. Ол кезде 191 бала осы есіммен Қазақстан азаматы атанды.

Ал, қыздарға ең көп қойылған есім - Медина. Сәуірде 430 ата-ана осы атты таңдапты. Екінші орында - Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. 343 қызға берілген Айша есімі кең таралған санаттағы үштікке еніп отыр.

Жалпы, өткен айдағы статистика нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді. Айталық, Али, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да аттар кең таралған.

 Фотосурет ВКонтакте желісінен алынды

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру