Оңтүстікте күн ысығалы жедел жәрдемге жүгінетіндер көбейді

Оңтүстікте күн ысығалы жедел жәрдемге жүгінетіндер көбейді

Шілде айының ортасынан Түркістан облысында жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны күрт өсті.

Қазіргі кезде облыстағы ақ халаттылар күніне үш мыңға жуық шақыртуға шығып жатыр.

Мамандардың айтуынша бүгінге дейін күніне 2000 жобасында қоңырау түсетін.

17 шілдеден бастап алғашқы көмек сұрап қоңырау соғушылар 1000 адамға көбейген.

Сондай-ақ, науқастанушылардың ішінде ыстығы көтеріліп хабарласып жатқандар көп.

«Күннің ысуы жүрек-қантамыр аурулары мен өкпенің және тері ауруларының өршуіне алып келуі мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесіндегі артерияларда қан қысымы жоғарылап және адам организміндегі қатты тершеңдіктен, сусызданудан қан қоюлануы мүмкін. Оның салдарынан инфаркт, инсульт аурулары асқынады. Аптап ыстықта мұздатқыштан салқын су ішу өкпенің қабынуына алып келеді. Сондықтан сақтық шараларын қатаң ұстану қажет. Науқастар үнемі дәрі-дәрмеген уақытылы ішіп, күтініп жүруі тиіс. Күн ыстықта мүмкіндігінше сыртқы шықпау керек. Бөлме температурасындағы сұйықтықты жиі ішіп отыру маңызды» - дейді Түркістан қалалық емханасының терапевті Ардақ Шенгелбаева.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: rus.azattyq-ruhy.kz