Онколог насыбай атудың қауіпті салдары жайлы айтты

Онколог насыбай атудың қауіпті салдары жайлы айтты
фото: Фото: svetlcge.by

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Бас және мойын қатерлі ісік орталығының басшысы Мұрат Қайбаровтың айтуынша, насыбай ату ауыз қуысы қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін.

Дәрігер оның тәжірибесінде мұндай жағдайлар сирек емес екенін жеткізді.

"Насыбайды тілдің астына салады. Насыбайдың құрамында түрлі химиялық заттар, соның ішінде ауыз қуысы шырыштысын бұзатын әк бар. Ауыз қуысының түбі – өте нәзік шырышты, ол жер қанмен жақсы қамтамасыз етіледі және заттарды жақсы сіңіреді. Сондықтан да насыбайды сол жерге салады. Бірақ химиялық затты тілдің астында ұзақ ұстау эрозияға және жараның пайда болуына әкеледі. Уақыт өте бұзылған шырышты жағымсыз салдарларға, соның ішінде ауыз қуысы қатерлі ісігін тудыруы мүмкін", - дейді Мұрат Қайбаров.

Дәрігер бас пен мойын қатерлі ісіктері қиын жерлерде орналасатынын ескертті.

"Ауыз қуысының алдыңғы үштен бір бөлігінде қатерлі ісік пайда болған кезде ол қиын жерде орналасады. Астыңғы жақ орналасқан жер тілмен шектелген, бұл өте кішкентай жер. Бірақ ол тамақ жеуге, сөйлеуге қатысады, сондықтан бірінші кезекте, әрине, хирургиялық араласу сұрақтарын қарастыру керек. Хирургиялық араласу бұл жағдайда қиын: лимфалық түйіндерді алып тастап, міндетті түрде ауыз қуысы түбіндегі тіндерді пластикалық ауыстыру элементін жасау керек. Пластикасыз адам сөйлей де, жұта да алмайды. Бір ғана хирургиялық араласумен ол емделмейді. Бұл жерде кешенді ем қажет: химиотерапия және сәулемен емдеу", - деді онколог.

Маман қазір онкологиялық науқастар арасында жастар көбейгенін айтты.

 

"Көбіне жастар келіп жатырғаны қорқытады. Жастар бұл нәрсемен айналысудың қажеті бар ма ойлану керек, себебі ол өте жағымсыз салдарларға әкеледі. Мұндай науқастарға қатерлі ісіктің пайда болуы мен оны емдеу әдісі жайлы айтсаң, олар үреймен қарап, басқа жаққа кетіп қалуға тырысады. Олар шетелде жақсы бола түсемін деп ойлайды. Бірақ әлем бойынша оталар біртипті, барлық жерде Қазақстандағыдай жасалады", - дейді Мұрат Қайбаров.

Дәрігер сондай-ақ бас пен мойын қатерлі ісігінің мүмкін белгілерін атады:

Тілдің ауыруы, ауыздағы жазылмайтын жаралар, қызыл немесе ақ дақтар;

Тамақтың ауыруы;

Қиын жұтыну немесе жұтынғанда ауыру;

Мойында көзге көрінетін түзілімнің пайда болуы;

Бір жақ мұрын қуысының бітеліп қалуы немесе жиі мұрыннан қан аралас су ағу;

Дауыстың қарлығып шығуы.

Егер бұл белгілер бір айдан көп уақыт сақталса, қатерлі ісікті жоққа шығару үшін онкологқа көріну керек.