Бірнеше шетелдік мемлекеттер Оңтүстік Африкадан келген саяхатшыларға санитарлық шектеулер енгізіп жатыр. Алайда Оңтүстік Африка республикасының үкіметі қатаң сынға алды, деп хабарлайды Euronews. Телеарнаның хабарлауынша көптеген рейстердің тоқтатылуы мыңдаған жолаушыларды таң қалдырыпты.
Саяхатқа үзілді-кесілді тыйым салып жатқан елдердің әрекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген ережелер мен стандарттарға мүлдем қайшы. Мұндай шараларды қабылдаған мемлекеттердің біразы онсыз да COVID -19-дың төртінші толқынымен күресіп жатыр.
Жаңа штамның таралу қаупі жоғары болу мүмкін екені туралы хабарламадан кейін ондаған мемлекет Оңтүстік Африка аймағына баруға шектеулер енгізді. Израил Омикронның таралу қаупіне байланысты шетелдіктерге әзірге екі аптаға елге кіруге тыйым салды. Еврей мемлекеті алғашқылардың бірі болып жаңа штам жұқтырған адамның анықталғанын растады. Нидерландыда да Оңтүстік Африкадан оралған туристерден Омикрон анықталды.Африкадан келген 600 –ден аса жолаушы Амстердам әуежайында ПЦР нәтижесін күтіп бірнеше сағатқа кідіруіне тура келді.Олардың 60-тан астамы вирус жұқтырған болып шықты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға байланысты короновирустың қайта күш алуы мүмкін екенін ескертеді. Омикрон бұған дейінгі штамдардан әлдеқайда жұқпалы болуы мүмкін. Қолданыстағы вакциналардың бұл штамға қарсы тиімділігі де күмән туғызып отыр. Сол себепті жаһандық қауіп өте жоғары деп бағаланып отыр.
Ақпарат Euronews-тен алынып арнайы Standard.kz порталына дайындалды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через