Олимпиадаға ұпай беретін соңғы бәсеке Астанада өтеді

Олимпиадаға ұпай беретін соңғы бәсеке Астанада өтеді
фото: pexels.com

Елорда 10-12 мамыр күндері дзюдодан Париж олимпиадасына қатысуға ұпай беретін соңғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді.

ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей, аталған маңызды дода 10-12 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Байрақты дода дзюдошылар үшін 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Дереккөз kaz.inform.kz.