фото: Фото: //ortcom.kz/
Нутрицология ғылымын білеміз бе?
Тамақтануды, әйтеуір аш жүрмеудің амалы ретінде қарап кеттік. Дегенмен, «ауру – астан» деген ата-бабамыз. Нутрицолог Әйгерім Биболатқызы қазақ халқының денсаулығына қауіп төндіретін өнімдерді атап берді.
Қазақстанда медицина кезең-кезеңімен дамып келе жатыр. Алғашында медицина адамды өлтіріп алмауға қызмет етті. Қазіргі біздің классикалық емханалардың қызметі – шұғыл көмек көрсету болып табылады. Қызуы көтерілген адамның дене температурасын түсіру; соқыр ішек анықталса, ол ішекті алып тастау; босану керек болса, босандыру деген секілді қызметтер.
Қазір статистикалық дерекке қарасақ, адамдар арасында жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездесетін болды. Инсульт, инфаркт, артериялық қан-қысымының жоғарылауы секілді аурулар бірінші орынға шықты. Қатерлі ісік те ел арасында жиі кездеседі. Аурулардың алдын алу мақсатындағы ізденіс нәтижесінде диетология саласы танылып, адамдардың тамақтануына назар аудара бастады. Содан кейін нутрицология саласы да елге танылды.
Нутрицология – нутриенттерді зерттейтін ғылым. Нутриенттер екіге бөлінеді: макронутриенттер, микронутриенттер. Ет, ақуыз, көмірсу, май, жануардың майы, өсімдік майлары, нан, жеміс, тәттілер, сүт өнімдері – бұлар біз көре алатын макронутриенттер. Дәрумендер, микроэлементтер, бұдан да бөлек ағзаға қажетті өнімдер микронутриенттерге жатады.
Біз кортоп, пияз, сәбіз, алма секілді әбден таныс өнімдерді күнделікті жиі тұтынамыз. Біз жемей жүрген қаншама жемістер мен көкөністер бар? Біз тұтынбай жүрген өнімдерде микронутриенттер көптеп кездеседі. Адамның денесі ет, сүйек, тамырлар, жүйке жүйесінен тұрады. Бұлардың қызметін реттеуге макронутриенттер жеткілікті. Сонымен қатар ішкі органдар бар. Оның қызметін эндокриндік жүйе реттейді. Ұйқы безі, қалқанша безі, жыныс бездері секілді бездер бар. Осылардың қызметін реттеу үшін гармондар қажет. Олар эндокриндік бездерден бөлінеді. Гармондардың қызметіне дәрумендер мен микроэлементтер керек. Микронутриенттер құлыпты ашатын кілт секілді, соны бұрап ашқанда бізді эндокриндік бездер басқарады. Адамдардың қуануы, күлуі, көбеюі, құлшыныспен еңбек етуі – барлығын да эндокриндік бездер басқарады. Бұл саланы меңгермеу мүмкін емес. Осы саланы меңгерген соң, ауруларды антибиотиксіз, химикатсыз, асқынуларға жеткізбей емдеп тастауға болады. Бірақ бұған қазақ аудиториясы дайын емес, себебі біздің қазақ құлағанда ғана емделеді. Профилактикаға мән бермейді. Аз уақыттың ішінде бәрін бір таблетка дәрімен шешіп тастағысы келеді,-дейді дәрігер маман. Ал нутрицология аурудың алдын алуға, алдын ала емдеуге жұмыс жасайтын ғылым.
Bugin.кз
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через