Спорт

Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

  Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

       Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтеді.

       Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс аты аңызға айналған балуан, Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, "Қазақстанның Еңбек Ері" Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне өтеді.

       Турнирге Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам спортшы, сонымен қатар Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ираннан жас спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлады ҰОК.

       Спортшылар -55, -60, -63, -67, -72, -77, -82, -87, -97 және 130 килограмм салмақ дәрежесінде күреседі.

       Жарыста Халықаралық "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының (UWW) талаптары сақталады.

      Турнир 3-5 мамыр аралығында Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

       Ақпарат дереккөзі

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру