фото: bugin@gmail.com
Наркоз жайлы қорқынышты шындық
Жалпы анестезия ауырсынуды және тактильді сезімталдықты азайтады немесе толығымен жояды және пациенттерді операция кезінде азаптан құтқарады деп саналады. Дегенмен сирек жағдайларда анестезия дұрыс қабылданбайтын сәттер болады. Мұндайда науқас ота кезінде кенеттен оянуы мүмкін. Қорқыныштысы, ол скальпельдің әрбір жанасуын сезгенімен, қозғалып, белгі бере алмайды. Адамдар интранаркоздық ояну кезінде нені сезінеді және бұл құбылыстың себебі неде?
Анестезияға қолданылатын дәрілердің қоспасы көбінесе ауырсынуды басатын анальгетиктерден және адамды ота кезінде дірілдемес үшін сал ететін паралитиктерден тұрады. Кейде анестезия кезінде науқастың санасы өшпейді және ол не болып жатқанын толық біледі, қатты ауырып, бәрін сезіп жатады. Дегенмен паралитиктер хирургия үстеліндегі адамның айқайлауын немесе хирургқа басқаша күйзеліс білдіруін мүмкін емес етеді.
Донна Пеннердің оянып кетуі
Канаданың Альтона қаласының тұрғыны Донна Пеннер 14 жыл бұрын алған психологиялық жарақатынан әлі айыға алмаған. 2008 жылы 45 жасқа толар алдында етеккір кезінде қатты қан кетіп, дәрігерге қаралған. Дәрігер оны эксплуатациялық лапароскопияға жіберді. Хирургиялық операцияда науқастың іш қуысында жарақат немесе ауру белгілері бар-жоғын тексеру үшін ота жасалады. Пеннерді қорқатын ештеңе жоқ деп сендіргендіктен, ол қарапайым процедураны күтеді. Алайда келеңсіздіктер орын алып, хирург скальпельмен кескелі жатқан бірнеше секунд бұрын әйел оянып кетеді.
Анестезиямен бір мезгілде қолданылатын жүйке-бұлшықет блокаторларының әсерінен Пеннердің денесі толығымен салданған. Ол есін білгендіктен, хирург оның ішін кесіп жатқанын сезеді. Дәрігерлер оның денесін тексеріп жатқанда, науқаста сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ауырсыну болады.
Менің өмірім дәл осы жерде, операция үстелінде аяқталады және менің өмірімнің соңғы бірнеше сағатында қандай сұмдықты бастан өткергенімді отбасым мен жақындарым ешқашан білмейді. Өйткені ешкім не болғанын байқамай да қалады деп ойладым»,- дейді канадалық әйел.
Азапты естеліктер оған әлі де тыныш ұйықтауға мүмкіндік бермейді. Пеннер мойнын жабатын киімдер мен аксессуарларды киюді доғарған, өйткені өзін тұншығып жатқандай сезінеді.
Медицинадағы серпіліс
Пеннердің медициналық жағдайы сөзсіз сирек кездескенімен, бұл - жалғыз оқиға емес. 2017 жылы Висконсин университетінің анестезиологы Роберт Сандерстің 260 адаммен зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесі пациенттердің шамамен бес пайызы анестезия салынғанына қарамастан, операция үстелінде есін жинай алатынын көрсетті. Алайда анестезияның әсерінен көптеген пациенттер оянған кезде басынан не өткенін ұмытып кетеді. Қазір науқастарды емдеуде анестезияның қаншалықты жиі қолданылатынын ескерсек, дәрігерлерге мұндай жағдайларды зерттеу бұрынғыдан да маңызды болып жатқанын байқаймыз.
Анестезиолог әр науқаспен жұмыс істегенде, көптеген факторларды ескеруі маңызды. Маман науқасты медициналық комаға түсіру үшін бір дәріні, ал екіншісін науқасты сол күйде ұстау үшін қолдана алады. Сонымен қатар дұрыс дозаны анықтау үшін науқастың жасы мен ағза жағдайы, темекі шегетіндігі, қандай дәрі-дәрмектерді қабылдағаны және ауруының себебін білуі керек.
Интранаркоздық ояну тақырыбына арналған әртүрлі мақалалар мен зерттеулер операцияға дайындалып жатқан науқастарды қорқытатыны сөзсіз. Кейбіреулер тіпті жалпы анестезияның салдарын болдырмау үшін анестезиядан және одан кейінгі емделуден бас тартады. Дегенмен бұлай оянып кету өте төмен екенін есте ұстаған жөн.
Сандерс қарапайым халық арасында сауалнама жүргізуді ұйғарып, әртүрлі пікірлерді естігенде таң қалғанын жасырмайды. Респонденттердің көп бөлігі, егер оянған кезде ауыртпалық естен шығып кететін болса, онда соншалықты алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлайтынын мәлімдеген.
Дәрігерлер бұл құбылысты мүмкіндігінше көп адам білуі керек екеніне сенімді. Медициналық журналдарда сипатталған кейбір жағдайларда пациенттер мұндай құбылыстың бар екенін білмегендіктен, ота кезінде оянып кеткенде тірі қалмайтынына сенімді болады. Ал көбірек хабардар болса, науқастар мүмкіндігінше өмір үшін күресетін болады.
bugin@gmail.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через