Мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы жоғары білім беру концепциясы әзірленеді

Мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы жоғары білім беру концепциясы әзірленеді

       Концепцияда мүгедектерге бөлінетін білім гранттарының санын арттыру көзделмек.

        Мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы жоғары білім беру концепциясы әзірленеді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

        "Сейфуллин атындағы КазАТУ университетінің қауымдастырылған профессорымен кездесу барысында мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы оқу орындарында бакалавриатқа бөлінетін жеке білім гранттарының мөлшерін 1%-дан ұлғайтуды қарастыру, магистратура және докторантураға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеке мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесі, ЖОО ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы болуын қамтамасыз ету мен қолдау орталықтарын ұйымдастыру секілді мәселелерді талқыладық", – деп жазды Саясат Нұрбек.

        Оның жазуынша, зағип жандар қоғамның тең құқылы азаматы болуға әбден лайықты

        Inform.kz