Моңғолия астанасында 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылды

Моңғолия астанасында 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылды
фото: Фото: News.mn

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылып, алапат өрт болды.

Ұлан-Батордағы "Дүнжингарав" ірі базарының маңында 60 тонна газ тиелген жүк көлігінің жарылуы салдарынан өрт шықты.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, қираудың нақты ауқымы мен зардап шеккендердің саны әлі белгісіз.

Алдын ала бейресми деректер бойынша алты адам қаза тауып, оннан астамы ауруханаларға жеткізілген. 20-дан астам көлік өртеніп кетті. 

ҚазАқпарат