фото: Википедия
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғайдың Қызбел деген жерінде дүниеге келген. «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың ұлты үшін жасаған қызметтері, шығармашылығы бүгінгі қазақ әлеміне жақсы аян. Оның өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Оян, қазақ!»(1909 ж) кітабы ұлт қозғалысы дәуірінің басында тұрғаны да белгілі. Ал, «Бақытсыз Жамал»(1910ж) романы қазақ прозасының бастауы болса, «Есеп құралыда»(1911ж) математикалық оқулықтың ең алғашқысы еді. «Оян, қазақ!» кітабы Уфадан басылып шығып, бүкіл қазақ еліне аты шыққанда Міржақып Дулатов небәрі жиырма төрт жаста еді. Алаштың аяулы азаматы, қоғам қайраткері 1935 жылы 5 қазанда Сосновец жерінде дүние салды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін сүйегі туған жеріне әкелініп жерленді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через