Мезгілсіз көз жұму қаупін жоғарылататын азық-түліктер

Мезгілсіз көз жұму қаупін жоғарылататын азық-түліктер

              АҚШ, Бразилия және Испания ғалымдары анықтағандай, ағзаға ең қауіпті тағам – жоғары деңгейде өңделген өнімдер. Оларға өнеркәсіптік өңдеудің бірнеше кезеңінен өткен, құрамында қант, бояғыш, иістендіргіш, май мен тұз көп азық-түлік жатады.

              Сарапшылар 105 мың еріктінің рационы мен денсаулығы туралы деректерді салыстырып, он жыл бойы жағдайын бақылап отырды. Белгілі болғадай, қатты өңделген тағамдарды пайдалану жүрек және қантамыр дертінің пайда болу қаупін 11–13 процентке арттырады. Сондай тамақты күнделікті төрт реттен көп жесе, мезгілсіз өлім қаупі 62 процентке жоғарылайды екен. Ал бір порциясы 18 процентке көбейтеді.

             Ғалымдар ұн тағамдары, жартылай фабрикаттар, газдалған сусындар, жүгері қытырлағы, өңделген ет пен балық өнімдерін аз пайдалануға кеңес берді.