фото: yassy-tur.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілді.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам - мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" нұсқаулығын әзірлеп бекітті.
Себебі бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Біз күнделікті өмірде әдепті мінез құлықты сақтауымыз қажет.
Аталған нұсқаулықта мемлекеттік қызметшінің құзыреттері көрсетілген:
- Қызметті басқару – шектелген уақыт ішінде қажетті ақпаратты дайындау үшін өзіне талап қоя білу;
- Ыңтымақтастық – әріптестер мен мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыта білу, тапсырманы орындау мақсатында пікір алмасу;
- Шешім қабылдау – өзінше шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат таба білу;
- Жеделділік – өзгермелі жағдайда жылдам бейімделу, жұмысты жақсарту бойынша шара қабылдау;
- Өздігінен даму – өзін-өзі дамытуға талпыну, жаңа ақпарат іздеу;
- Қызметті тұтынушыға бағдарлау – сапалы қызметтерді көрсету үшін жұмыс ұйымдастыру және халыққа көмек көрсету;
- Қызметті тұтынушыға хабарлау – тұтынушыға қолжетімді түрде ақпаратты жеткізу;
- Парасаттылық – әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану;
- Жауапкершілік – өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу;
- Бастамашылдық – жаңа идеяларды әзірлеу және ұсыну, негізгі міндеттерден басқа жұмыстарды орындау;
- Стреске төзімділік – сынға сабырлық таныту, егер ол негізделген болса, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас мемлекеттің апараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.
Оларға қызмет көрсеткен кезде – адалдық, ашықтық, әділдік қағидаларын басшылыққа алып қызметтерді кәсіби көрсетуге талпыну керек.
Мемлекетік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары бойынша қарапайым болу, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу қажет.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Сұлухан Бектаева.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через