Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 1 қыркүйек күні өтетін алғашқы қоңырау шарасын ұйымдастырудың тәртібі туралы түсіндірме таратты.
Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.
Салтанатты жиын өткізу кезінде бірқатар мерекелік рәсім өткізуге рұқсат етілмейді.
«Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды. Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға; мерекелік дастархандар жаюға; мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік БАҚ-та тараған кейбір мәліметтер туралы да түсініктеме берді.
«Балаларға экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны ластамау, табиғат пен жануарларға қамқор болу мақсатында салтанатты жиын кезінде шарлар мен көгершіндерді пайдалану ұсынылмайды», - деп жазылған ресми мәліметте.
Дереккөз Қазақпарат. фото m.yk-news.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через